Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көз жұмған 4 жасар баланың ісі: жаңа деректер белгілі болды

Опубликовано:

бөбек
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда 4 жасар баланы өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалған. Заңгер Бағдат Амандосұлы ұлын ұрып-соғатынын біле тұра, полицияға жүгінбеген жағдайда анасы да жауапқа тартылуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды КТК арнасы.

Арна мәліметінше, марқұм балақайдың нағашы әжесі қылмыстың мән-жайын полиция анықтап, құқықтық бағаны тек сот беретінін жеткізді.

"Кінәлағандар менің баламның қасында болған жоқ. Неше түрліні айтып жатыр. Мен баламның жүрегіне қаяу салғым келмейді. Өзі де тірі өлік болып жатыр. Соның орнына өмірін сүріп көрсін. Соның киімі мен аяқ-киімін кисін. Сосын барып айтсын. Ешкімнің ештеңесін тыңдамаймын да, айтатындар айта берсін. Бәріне заң бойынша кінәлілер жауап береді. Баламды осындай жағдайға апарғанына", - деді 4 жасар балақайдың нағашы әжесі.

Арна тілшілері күдікке ілінген 19 жастағы жігіттің үйіне де барған.

"Біртүрлі кісілер. Ана кісі пәтер жалдап тұрамын деп айтты, қызы. Ана кісі әпкемнің үйі деп айтты. Екі түрлі айтты. Бір-екі күн ғана тарс-гүрс деген дауыс естілді. Болды", - деді баланың өліміне күдікті деп табылған жігіттің көршісі.

Арна мәліметінше, заңгер Бағдат Амандосұлы ұлын ұрып-соғатынын біле тұра, полицияға жүгінбеген жағдайда анасы да жауапқа тартылуы мүмкін дейді. Кәмелетке толмаған баланы қауіпті жағдайда қалдырып, салдары өлімге әкеп соққаны дәлелденсе, 25 жастағы мұғалім үш жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

"Бұл жерде анасының да кінәсі бар деп ойлаймын. Себебі, ол өзіне жүктелген атааналық парызын, міндетін тиісті түрде жүзеге асырмағандығының нәтижесі болуы мүмкін. Сондықтан менің ойымша, анасы да немқұрайлы қарағандығы дәлелденсе, ол да жауапқа тартылуы тиіс. Учаскелік полиция өзіне жүктелген міндеттемелерді толық жүзеге асырмаса, онда аталған құқық қорғау органының қызметкерлері қылмысты жасыру фактісімен қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін", - деді заңгер Бағдат Амандосұлы.

Айта кетейік, Алматыда бала өлтірді деген күдікпен 19 жастағы жігіт ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалғанын жазған едік. Қылмыстық істің тергеу барысын Алматы қалалық полиция департаменті басшылығы ерекше бақылауға алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда соққыдан кейін көз жұмған төрт жасар баланың әкесі бұрынғы әйелін де қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап еткен болатын.

КТК арнасының мәліметінше, әкесінің арызын қабылдап, ешқандай шара қолданбады делінген учаскелік полицейлердің мәселесі қызметтік тексерістің қорытындысынан кейін белгілі болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038856-almatyda-koz-zumgan-4-zasar-balanyn-isi-zana-derekter-belgili-boldy/

pixel