jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Үйдің ауласынан кетіп қалған": Рудныйда жоғалған баланы жүзден аса адам іздеген

Ойнап жүрген бала
Бала. Көрнекі фото: pixabay.com

Кеше, 30 қыркүйек күні Рудныйда 8 жастағы бала үйдің ауласынан кетіп қалып, жоғалып кеткен болатын. Оны 140-тан астам адам іздеген. Кейін бүлдіршін балабақша аумағынан табылды, деп хабарлайды Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"30 қыркүйек күні сағат 13:00-де Қостанай облысы Рудный қаласының полиция департаментіне аутизм спектрінің бұзылуы диагнозы бар 8 жасар баланың жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен", - делінген хабарламада.

Ведомствоның ақпаратынша, бала өз үйінің ауласынан шығып кеткен. Баланың жоғалғаны туралы ақпаратты полицияға оның әкесі хабарлаған.

Баланы іздеуге 120 полицей, төтенше жағдайлар басқармасының 20 қызметкері, еріктілер мен қала тұрғындары ат салысқан.

"Қала араланып, ағаштар отырғызылған аумақ, ескі, тұруға жарамсыз ғимараттардың барлығы тексерілді.

Сағат 19:00 шамасында бала жоғалған жерден жақын маңда орналасқан балабақшалардың бірінің аумағынан табылған", – делінген полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Полицейлердің дерегінше, қазір бала анасының жанында. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

"Үйдің ауласынан кетіп қалған": Рудныйда жоғалған баланы жүзден аса адам іздеген

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.