Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде жылыту маусымы басталды: өңірлерге жылу қашан беріледі

Опубликовано:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның жеті өңірінде жылу беру маусымы басталды. Ең алдымен жылу әлеуметтік нысандарға берілмек, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Энергетика министрлігінің мәліметінше, бүгінгі таңда жылыту маусымы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында басталды.

Ең алдымен әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосылған.

Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында 24 әлеуметтік нысанның 23-і, яғни 96 пайызы қосылған. Тұрғын үйлерге ыстық су берілген.

Министрліктің хабарлауынша, Павлодар облысының Екібастұз қаласы бойынша қазірдің өзінде 90 әлеуметтік нысанның 26-сы, яғни 28,8 пайызы жылумен қамтылған.

Астана қаласында 240 әлеуметтік нысанның 86-ы, яғни 35,8 пайызы қосылған.

Сондай-ақ Энергетика министрлігі басқа өңірлердегі әлеуметтік нысандарды жылу жүйесіне қосу мерзімін де хабарлады:

  • Алматы облысы – 3 қазан;
  • Ұлытау облысы – 10 қазан;
  • Алматы қаласы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Абай және Жетісу облыстарында – 15 қазанда;
  • Шымкент қаласы – 20 қазан;
  • Түркістан облысы – 25 қазан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қазан айында ауа райы қандай болатынын болжаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039104-elimizde-zylytu-mausymy-bastaldy-onirlerge-zylu-qasan-beriledi/

pixel