Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында жазық даладан тотықұс табылды (видео)

Опубликовано:

Тотықұс
Тотықұс. Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбелік велошабандоздар қала маңындағы жазық далада ерекше тіршілік иесін – ағаштың үстінде отырған тотықұсты тауып алған. Бойжеткендер құсқа жаңа қожайын тауып, оны тапсырды, деп хабарлайды "Диапазон".

Анастасия есімді бойжеткеннің айтуынша, ол достарымен 41-ші жол айрығына саңырауқұлақ теруге шыққан.

"Бір-екі қарағаш өсіп тұрған және ағаштардан діңгегі қалған жазық далаға тап болдық. Қараңғы түсіп жатты, үйге қайтуға жинала бастадық. Кенет велосипедтеріміздің жанынан сары бірдеңе ұшып өтіп, ағаштың үстіне қонды. Біз бұл не екен деп ойлап, анығырақ қарасақ, бұл тотықұс екен! Қайдан ұшып келген?! Маңайда не адам, не үй жоқ", - деп бөлісті бойжеткен.

Бойжеткендер бұл жер экзотикалық құс үшін қолайсыз мекен деп ойлаған. Олар тотықұс аштықтан өліп қалмасын деп сирек кездесетін тіршілік иесін қалай ұстау керектігін ойлана бастаған.

"Ол дауысымызды естіп, өзіне жақындауға рұқсат бергенінің өзінде бізден қашып ағаштан ағашқа ұшып-қонып жүрді. Кейін ол аласа бұтаққа отырды, сол уақытта мұндай жақсы мүмкіндікті жіберіп алуға болмайтынын түсіндік. Біз Венера екеуміз оған ақырын жақындап келе жаттық, мен және Радик оның назарын өзімізге қаратып отырдық, өзім онымен сөйлесіп тұрдым. Айтпақшы, ол әр айтқанымызды мұқият тыңдап отырды. Сол кезде артынан Венера келіп, оны ұстап алды! Әуелде тотықұс үркіп, тістелей бастады, бірақ көп ұзамай тынышталды", - деп жазады басылым Анастасияның сөзіне сүйеніп.

Басылымның хабарлауынша, бойжеткендер тотықұсты қалаға әкеліп, оған жаңа үй тауып берген. Құсқа оны ұстап алған Венера есімді бойжеткеннің құрметіне орай Веня деген ат қойылды.

"Ернар оны өз қамқорлығына алды, оның басқа да тотықұстары бар. Келгенімізде тотықұс өзін үй құсындай ұстады. Ол адам құшағында емін-еркін отыра берді, ойнап отырып тістелемесе, шындап тістеген жоқ.

Веня әзірге барлығынан бөлек тұрады. Үйге келген соң, ол тоңып қалғандықтан дірілдеп тұрды. Оған қоса құйрығының бір бөлігі болған жоқ, неге екенін білмеймін. Мүмкін басқа құстар оны ренжіткен шығар не бәлкім жай стресс болар.

Бірақ қуанышқа орай, қазір ол аман-есен. Ол мұндай суық түндерде аман қалуы екіталай еді", - дейді Анастасия.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039267-aqtobe-oblysynda-zazyq-daladan-totyqus-tabyldy-video/

pixel