Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанадағы тұрғын үйлерге жақын күндері жылу беріле бастайды

Опубликовано:

жылу
Радиатор. Көрнекі фото: pexels.com

Елордада 5 қазаннан бастап тұрғын үйлерге және басқа да нысандарға жылу беріле бастайды. Бұл туралы Астана әкімдігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомство бұрын берілген өтінімдер бойынша жылу қаланың әлеуметтік нысандарында яғни, мектептерде, балабақшаларда, ауруханаларда қосыла бастағанын атап өтті.

Әкімдіктің мәліметінше, бүгінде барлығы 116 әлеуметтік нысанда жылу бар.

Айта кетейік, бұған дейін Энергетика министрлігі еліміздің жеті өңірінде – Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында жылыту маусымы басталғанын хабарлаған еді.

Атылмыш өңірлерде ең алдымен әлеуметтік нысандар жылу жүйесіне қосылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039357-astanaga-zaqyn-kunderi-zylu-beriledi/

pixel