Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайы уақытша жабылады

Опубликовано:

Әуежай
Астана әуежайы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазан айында үш күн бойы белгіленген уақыт аралығында ұшу-қону жолағы жөнделеді. Осыған байланысты жолаушыларға балама ұшу күндері ұсынылады, деп хабарлайды FlyArystan әуе компаниясының Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

FlyArystan әуе компаниясының мәліметінше, Нұрсұлтан Назарбаев Халықаралық әуежайының 11 қазан, 16 қазан және 18 қазан күндері 13:20 – 17:20 уақыт аралығында жабылады.

"Әуежайдың жабылу себебі ұшу-қону жолағында жүргізілетін жөндеу жұмыстарына тікелей байланысты. FlyArystan рейстері жөндеу жұмыстарының уақытымен сәйкес келетін жолаушылар үшін альтернативті ұшу күндерін ұсынады", - делінген хабарламада.

Әуе компаниясы ұшу уақыты мен күні туралы ақпарат жолаушыларға билеттерді брондау кезінде көрсетілген телефон нөмірлері мен электрондық пошталарға жеке хабарлама арқылы жіберілетінін мәлім етті.

"Бұл өзгеріс әуекомпанияның бақылауынан тыс жағдай екендігіне назар аударуыңызды сұраймыз. FlyArystan Астана қаласының әуежайын ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін жұмыстарын қолдайды, бірақ бұл өзгерістер жолаушылардың жоспарларына әсер ететініне өкініш білдіреді", - деп хабарлады әуе компаниясынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2039561-astana-auezaiy-zondeu-zumystaryna-bailanysty-uaqytsa-zabylady/

pixel