Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сыртқы істер министрлігі Газа секторында қанша қазақстандық бар екенін айтты

Опубликовано:

Израиль, Газа секторы
Газа секторы бомбалаудан кейін. Фото: Photo by Majdi Fathi/NurPhoto via Getty Images

Бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте ведомство өкілі Айбек Смадияров Газа секторында қанша қазақстандық бар екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі таңда Газа секторында отбасы мүшесі Қазақстан азаматы болып саналатын 25-ке жуық жанұя бар.

"Қазақстанның Иорданиядағы елшілігінің мәліметі бойынша, Газа секторында қазақстандық төлқұжаты бар азаматтар тұратын 25-ке жуық отбасы бар. Бұл негізінен Палестина азаматтарына тұрмысқа шыққан біздің азаматшаларымыз.

Келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, Израильдің жердегі операция жоспарларына сай, сондай-ақ бомбалауға байланысты кей отбасылар Газа секторында қауіпсіз орын іздеп, ұдайы көшіп жүруге мәжбүр", - дейді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі.

Айбек Смадияровтың сөзінше, Газа секторында жердегі қозғалыс қиындаған, байланыс пен электр қуатына қатысты да мәселелер бар. Сондықтан сол аумақтағы қазақстандықтарға қатысты жан-жақты ақпарат жиналмаған.

Ресми өкіл қазақстандықтарға қатысты мәліметтерді жинау бағытында жұмыстар жалғасып жатқанын атап өтті.

Израильдегі жағдай

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалған болатын. Шабуыл үшін жауапкершілікті палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды. Олардың әскери қолбасшысы Мұхаммед әл-Дейф "Буря Аль-Аксы" операциясының басталғанын мәлім еткен видео үндеу жариялады. Ол қарсыластарына 5 мың зымырандық соққы жасалғанын мәлімдеді.

Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастаған болатын. Салдарынан жүздеген тұрғын қаза тауып, тағы мыңдаған адам жарақат алды.

Оған қоса бұған дейін Палестина мен Израиль арасындағы ахуалға байланысты БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің жабық жиналысы өткен болатын. Алайда Қауіпсіздік кеңестің мүшелері ешқандай мәлімдеме жасай алмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040201-syrtqy-ister-ministrligi-gaza-sektorynda-qansa-qazaqstandyq-bar-ekenin-aitty/

pixel