jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Көктайғақ, жаңбыр, шаңды дауыл: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сейсенбі, 10 қазанда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Мамандардың болжамынша, бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашын, түнде еліміздің солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Сондай-ақ республика бойынша екпінді жел, Қазақстанның батысында көктайғақ, оңтүстік-батысында шаңды дауыл, батыста, солтүстік-батыста, шығыста түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бұдан бөлек, метеорологтар бүгін Қызылорда облысында өрт шығу қаупі сақталатынын, ал Жамбыл, Түркістан облыстарында, Қызылорда облысының батысында өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертіп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде еліміздің батысында ауа температурасы -5 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін хабарлаған еді.

Көктайғақ, жаңбыр, шаңды дауыл: бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.