Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық құтқарушылар жер сілкінісі болған Ауғанстанға аттанды (фото)

Опубликовано:

Ауғанстанға аттанған құтқарушылар
Ауғанстанға аттанған құтқарушылар Фото: t.me/qr_tjm

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ТЖМ құтқарушылары жер сілкінісі салдарын жоюға көмек көрсету үшін Ауғанстанға аттанды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, Ауғанстанға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін 45 адамнан құрылған топ жіберілген.

Олардың ішінде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары, кинологиялық есептобы, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері мен фельдшерлері бар.

"Бұлқұтқару операцияларында көпжылғы тәжірибесі бар білікті мамандар. Бірқатар құтқарушы мен медицина қызметкері биылғы жылы Түркиядағы жойқын жер сілкінісі салдарын жоюға қатысқан.

Топ қажетті жабдықтармен жабдықталған. Топты Қазақстан Республикасы ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының міндетін атқарушы Ұларбек Әбікеев басқарады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан 7 қазанда жойқын жер сілкінісі болған Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсететінін, сонда-ақ үйінділер астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберілетінін хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040343-qazaqstandyq-qutqarusylar-zer-silkinisi-bolgan-auganstanga-attandy-foto/

pixel