Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жылу беріле бастады

Опубликовано:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыда әлеуметтік нысандарда біртіндеп жылу жүйесі іске қосылып жатыр. Жылу әуелі мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханаларға беріледі, деп хабарлайды "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"10 қазаннан бастап медициналық мекемелер, білім беру мекемелері мен т.б. әлеуметтік нысандарды орталықтандырылған жылу жүйесіне қайта қосу жоспарлануда, содан соң жылу біртіндеп басқа да тұтынушыларға кезең-кезеңімен берілетін болады", – делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мұндай шешім аталған әлеуметтік нысандардың арнайы қажеттіліктері ескеріле отырып, олардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қабылданған.

Компания ақпаратынша, жаңа жылыту маусымының басталу күні метеорологиялық болжамдар мен күнделікті ауа райын мониторингілеу арқылы анықталады. Жылу беру кезеңінің басталуы температураның құбылмалылығына байланысты болады.

Тұтынушыларды жылумен қамтамасыз ету мынадай ретпен жүзеге асырылады:

  • балаларға арналған мекемелер, ем алу мекемелері, мектептер, кәсіптік білім беру мекемелері, медициналық-әлеуметтік мекемелер: тұрғын үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер;
  • әкімшілік ғимараттар, оқу орындары, театрлар;
  • басқа да ғимараттар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040365-almatyda-zylu-berile-bastady/

pixel