"Бомбадан қорғайтын жерге жүгірдік": Израильден оралған қазақстандықтар сол елдегі жағдай туралы айтты (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомГаза секторындағы қақтығыс кезінде Израильде қалып қойған қазақстандықтар елге оралды. Тель-Авивтен шыққан ұшақ 10 қазан күні түнге қарай Алматы әуәуежайына қонды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Арнайы рейспен Алматыға 166 жолаушы келді. Олардың дені - Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ балалары мен туыстары. Жолаушылардың арасында екі сәби де болды.
Израильден келген қазақстандықтар сол елдегі жағдай туралы айтып берді
"Қазақстан елшілігі үнемі байланыста болды. Бәрі тыныш болды. Біз барлық жерде болдық, тіпті Палестинада да. Барлығы басталған кезде Палестинадан Израильге дейін, елдің солтүстігін аралып көлікпен келдік. Айналамызда үнемі шу болып тұрды, өйткені әрлі-берлі ұшақтар ұшып жатты.
Адамдар өздерін байсалды ұстады, олар үшін бұл үйреншікті іс сияқты. Әуежайда қазақтың туы болды, бір топ болып жиналдық. Бізді қарсы алып, ұшаққа мінетін жерге дейін алып келді. Консулдың өзі қарсы алды", – дейді Ирина мен Наталья есімді қазақстандықтар.
Қыздар Израиль мен Палестинаға барған. Олар ешқандай жарылыс көрмегенін айтты.
"Біз Палестинада күзетті де көрмедік. Егер туыстарымыз бізге хат жазып, қайтып келуімізді өтінбесе, бірдеңе болғанын байқамас едік", - деді қазақстандықтар.
Қазақстандық Дмитрий де бәрі тыныш болғанын, бірақ сол елдегі жағдайды көрсеткен жаңалықтар көріп алаңдағанын атап өтті.
"Әрине, елде әскери жағдай болған кезде адамның жүйкесі жұқарады. Бірақ біз сабырлы болуға тырыстық. Бізбен бірге 30-ға жуық адам болды", - деді ол.
Қазақстанның тағы бір тұрғыны Айсұлу қорқыныш пен үрейді бастан кешіргенін мойындады. Ол Израильге турист ретінде барған.
Бірақ Рано есімді қазақстандық бомбадан қорғайтын жерге қалай тығылғаны туралы айтты.
"Біз оңтүстікте болдық. 7-сі күні таңғы сағат 06:30-да сирена дабылы естілді. Сол күні рейсіміз тоқтатылды. Ұшудың алдындағы күнде тыныш болып, бір рет сирена естілген еді. Ал осы күнге дейін күн сайын балаларды қолымызға алып бомбадан қорғайтын жерге жүгірдік. Кем дегенде 15 минуттай болдық. Жаңа үйлерде бомбадан қорғайтын орын пәтердің өзінде орналасқан, - деді Рано.
Ұшақ экипажын күтіп тұрғандар жолаушыларды қошеметпен қарсы алды. Анықталғандай, соңғы минутқа дейін рейстің ұшу-ұшпауы белгісіз болған.
"Жолаушылар риза болды деп үміттенемін. Рейс жақсы ұйымдастырылды. Экипажға келетін болсақ, экипаж мүшелерінің жоғары азаматтық ұстанымын атап өткім келеді. Олар өз еркімен барды, тәуекелдер барынша азайтылды. Рейске 24 сағат бойы дайындалды, барлық қызмет ықтимал жағдайларды пысықтады. Ұшу турлы шешім ұшақтың есіктері жабылған соңғы сәтте қабылданды. Егер басшылық қауіпті деп шешсе, рейс тоқтатылуы мүмкін еді", - деді пилот Олег Колесников.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040453-bombadan-qorgaityn-zerge-zugirdik-izrailden-oralgan-qazaqstandyqtar-sol-eldegi-zagdai-turaly-aitty-foto/