Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ауғанстанға барған қазақстандық құтқарушылар құтқару жұмыстарына кірісті

Опубликовано:

ТЖМ құтқарушылары
ТЖМ құтқарушылары Ауғанстанда. Фото: ТЖМ

Ауғанстанға жіберілген Қазақстан ТЖМ құтқарушылары Герат провинциясына келгеннен кейін түнгі уақытқа қарамастан іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша 10 қазанда 45 адамнан құрылған Қазақстан ТЖМ күштер мен құралдар тобын Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілген еді.

Қазақстандық құтқарушылар Герат қаласынан 25-30 км қашықтықта орналасқан Наиброфи жерінде іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізеді.

"Биліктің айтуынша, бұл учаске ең қиын екенін атап өткен жөн. Дәл осы жерде хабар-ошарсыз кеткендердің саны көп.

Герат билігі құтқарушылардың жеделдігі үшін алғыс білдіріп, тәулік бойы жұмыс істеуге ниет білдіргеніне таңқалды", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қазанда 45 адамнан құрылған Қазақстан ТЖМ күштер мен құралдар тобын Ауғанстанға жойқын жер сілкінісінің салдарын жоюға көмек көрсету үшін жіберілді. Сонымен қатар 11 қазанда Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға 1659 тонна гуманитарлық жүк жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040500-auganstanga-bargan-qazaqstandyq-qutqarusylar-qutqaru-zumystaryna-kiristi/

pixel