jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға 1659 тонна гуманитарлық жүк жіберді

Гуманитарлық жүк
Гуманитарлық жүк. Фото: ТЖМ

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға 1659 тоннаны құрайтын гуманитарлық жүк жіберді, деп хабарлайды ТЖМ Telegram арнасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстанға қолдау көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен азық-түлік, шатырлар, киім-кешек және төсек-орын жабдықтары бөлінді.

Жөнелтілетін гуманитарлық жүктің тізбесінде барлығы 1659 тонна көлемінде 13 тауар бар.

Дәрі-дәрмектер мен шатырлар Ұлттық гвардия ұшағымен жіберілді.

Еске сала кетсек, 7 қазан күні Ауғанстанның батысында Иранмен шекарада магнитудасы 6,3 болатын жер сілкінісі тіркелді. Табиғи апат салдарынан кем дегенде 120 адам қаза тапқан, алайда құрбандар саны артуы мүмкін екені хабарланған болатын.

Жер сілкінісінің ошағы Герат қаласының батысында 40 км жерде болған. Жер асты дүмпулері жергілікті уақыт бойынша сағат 11:00-де басталған.

Кейін Ауғанстан Табиғи апаттар бойынша министрлігінің өкілі Мулла Джанан Саик жер сілкінісі салдарынан 2053 адам қаза тапқанын хабарлады. Жер асты дүмпулерінен тағы 9240 адам зардап шекті.

Сондай-ақ мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанға құтқарушылар мен гуманитарлық көмек жіберуді тапсырған еді.

Гуманитарлық көмек азық-түлік тауарлары, шатырлар, дәрі-дәрмектер, киім-кешек және басқа да қажетті заттардан тұрады.

Қазақстан жер сілкінісінен зардап шеккен Ауғанстанға 1659 тонна гуманитарлық жүк жіберді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.