jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Үкімет мемлекетке қайтарылған жерлерді халыққа мал жаю үшін беріп жатыр

Ауыл
Ауыл. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Былтырдан бері мемлекетке 8,5 млн га астам жер қайтарылған, оның 2,8 млн гектары пайдалануға берілді. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Тамара Дүйсенованың сөзінше, пайдаланылмай бос жатқан немесе бір кезде заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін, оның ішінде жайылымдық жерлерді қайтару үшін белсенді жұмыс жүргізілуде.

"2022 жылдың басынан бері 8,5 млн гектардан астам жер қайтарылды, оның 2,8 млн гектары қазірдің өзінде елдің игілігіне берілді.

Қайтарылған жердің көбі халыққа мал жаю үшін беріліп жатыр. Бұл ретте тиісті заңнамалық актілерге жайылымдарды пайдалану мәселесі бойынша өзгерістер енгізу үшін Парламент депутаттарының бастамасымен ауқымды жұмыс жасалып жатқанын атап өткім келеді", - деді Тамара Дүйсенова

Премьер-министрдің орынбасары бұл өзгерістер жайылымдарды басқа жер түрлеріне ауыстыруға тыйым салу, оларды мал жаю үшін резервке қою, жайылымдық жерлерді алу нормативтерін ұлғайту және басқа да нормалар арқылы жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалануға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Үкімет мемлекетке қайтарылған жерлерді халыққа мал жаю үшін беріп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.