Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қашып кеткен": Астанада полицейлер сотталушыны іздестіріп жатыр

Жарияланған күні:

Читать на русском
Кісен
Кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мессенджерлерде Астанада сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат тарауда. Бұл ақпаратты ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Мессенджерлерде таралған ақпаратқа сай, ер адам 10 қазан күні Астанадағы түзеу мекемесіне жеткізілген кезде қашып кеткен.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі елордада қашып кеткен тұтқынның іздестіріліп жатқанын растады.

"Сот қаулысымен шартты түрде мерзімінен бұрын босатудың күші жойылған адам тергеу изоляторына жеткізілген кезде полиция қызметкерлерінен қашып кеткен. Қазіргі таңда жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деп хабардар етті ҚАЖК-ның баспасөз қызметінен.

Айта кетелік, бұған дейін желіде Алматыда тергеу изоляторында қамаудағы адамның төбелес кезінде көз жұмғаны туралы ақпарат пайда болған еді. Алайда Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040574-qasyp-ketken-astanada-policeiler-sottalusyny-izdestirip-zatyr/