jitsu gif branding logo appbranding logo app

Шымкентте із-түзсіз жоғалған 8 жасар бала табылды

Теріс қарап тұрған жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкентте қарт кісі 8 жасар немересінің түскі ас уақытында жоғалып кеткенін айтқан. Полиция жарты сағаттан соң баланы адасып жүрген жерінен тапқан, деп хабарлады Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, баланы әжесі мен атасы 3 сағат бойы өздігінше іздеп, нәтиже шықпаған соң полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Жоғалған баланы жедел-іздестіру шараларына патрульдік полиция полкінің жеке құрамы жұмылдырылып, қала аумағындағы тәртіп сақшыларына шұғыл бағыттама берілген.

Полиция мәліметінше, жарты сағатқа жуық тоқтаусыз жүргізілген іздеу жұмыстарының нәтижесінде бүлдіршін 4 шақырым қашықтықта адасып жүрген жерінен табылды. Бала аман-есен ата-әжесіне тапсырылды. Өз кезегінде жергілікті азамат тәртіп сақшыларына ризашылығын білдірді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.