Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында 17 жастағы бозбала оқушы қызға жыныстық зорлық көрсетті деген күдікке ілінді

Опубликовано:

жылап тұрған қыз
Жылап тұрған қыз. Көрнекі фото: pixabay.com

Желіде Түркістан облысында 11 сынып оқушысы 7 сыныпта оқитын қыз баланы қорқытып, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық көрсеткені туралы жазба пайда болды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Қазір аталған жайтқа байланысты арнайы сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. тілшісі.

Оқиға туралы Немолчиkz қоғамдық қорының желідегі парақшасынан белгілі болды.

"Барлығы 2022 жылы басталған. Түркістан облысындағы мектептердің бірінде 11 сынып оқушысы өзі оқитын мектептің 7 сынып оқушысымен танысқан. Жасөспірім қыздың мойнына пышақ тақап қорқытып зорлаған. Қыз бала қорыққаннан ешкімге айтпаған. Біреуге айтар болса 17 жастағы жігіт өз-өзіне қол жұмсайтынын, артына тілхат қалдырып өліміне қыз баланы кінәлап жазып көрсететінін айтқан.

2023 жылдың қаңтар айынан шілде айына дейін 17 жастағы бала жасөспірім қызға 9 рет зорлық көрсеткен. Анасы бұл жағдайды біле сала аудандық полиция бөліміне арызданған", - делінген жазбада.

Түркістан облыстық білім басқармасы жәбірленушіге зорлық-зомбылық көрсетті деп күдікке ілінген азамат облыстың мектеп оқушысы еместігін айтып отыр.

"Айтылған мәселе Түркістан облысы білім басқармасының басты назарында. Қыздың анасы аудандық полиция бөліміне арызданған. Білім саласының өкілдері мен психолог мамандар тікелей жұмыс жүргізуде. Күдікті азамат облыстың мектеп оқушысы емес. Аталған факт бойынша аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған. Осы күнге дейін тексеру амалдары жүргізілуде. Іс жеке азаматтардың мәселесі болғандықтан тергеу барысы мен қазіргі таңдағы процессті анықтау мүмкіндігі жоқ екенін мәлімдейміз", - дейді Түркістан облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы Нұрлан Сұлтанбек.

Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған. Қазір аталған жайға байланысты арнайы сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән жайы анықталып жатыр.

Түркістан облыстық полиция департаменті тек ресми дереккөздерге сенуді, жалған ақпарат таратпауды ескертті.

"Полиция тұрғынның арызы бойынша кәмелет жасына толмаған танысы тарапынан оның кәмелетке толмаған қызына қатысты құқыққа қарсы іс-қимыл фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Бұл факт бірден Қылмыстық кодекстің 122-бабының 1-бөлігі бойынша (16 жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе жыныстық сипаттағы өзге де әрекеттер) бойынша тіркелді.

Полиция департаментінің ресми өкілі Гүлнәр Әбдірахманқызы оқиғаның толық мән-жайы анықталып жатқанын және сараптамалардың нәтижесімен заңды процестік шешім қабылданатынын жеткізді.

Қылмыстық істі тергеу полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.

Автор: Жанар Пердешқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040621-turkistan-oblysynda-17-zastagy-bozbala-oqusy-qyzga-zynystyq-zorlyq-korsetti-degen-kudikke-ilindi/

pixel