Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жансақтау бөліміне жатқызылды": дәрігерлер ШҚО-да шахтада зардап шеккен кеншінің денсаулығы туралы айтты

Опубликовано:

аурухана
Көрнекі фото: pexels.com

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы шахтада топырақ опырылып, екі адам жарақат алды. Үйінді астынан құтқарылған 32 жастағы үңгуші шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізілді. Азамат жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Зардап шеккен жұмысшылар екі метр тереңдіктегі үйіндінің астында қалып қойған. Олардың бірі сыртқа өзі шығып үлгерсе, екіншісін құтқарушылар алып шықты. Дегенмен дәрігерлер аудандық ауруханада ем-дом қабылдап жатқан жұмысшының жағдайы қалыпты екенін айтуда. Медициналық тексеру барысында одан сынық жарақаты анықталмаған. Ал үңгуші маман облыстық ауруханада жатыр.

"Түскен кездегі диагнозы - екі аяғының ұзақ уақыт қысылып жатуы. Жағдайы ауыр болды. Бірақ динамикада тұрақты. Науқас толықтай қызыл аймақта тексеруден өтті. Біздің хирург, травматолог, қан тамыр хирургы және жансақтаудағы анестезиологтар қарады. Жансақтау бөліміне жатқызылды", - дейді облыстық аурухананың ортопед-травматолог дәрігері Айдос Кунияров.

Айта кетейік, 11-ші қазан күні Глубокое ауданындағы Алтай шахтасында тас аралас топырақ опырылып, екі жұмысшы жарақат алған еді. Сол сәтте олар жер астында жұмыс істеп жатқан. Қазіргі уақытта тау-жыныстарының құлау себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізілуде.

Автор: Елжан Нұрболат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040789-zansaqtau-bolimine-zatqyzyldy-darigerler-sqo-da-saxtada-zardap-sekken-kensinin-densaulygy-turaly-aitty/

pixel