jitsu gif
Қаржы

    Боранбаевтың үлесі бар мұнай компаниясы мемлекет қарамағына өтті

    Мұнай өңдеу зауыты
    Мұнай өңдеу зауыты. Көрнекі фото: pixabay.com

    Бір бөлігі Қайрат Боранбаевқа тиесілі Phystech II мұнай компаниясының акционерлері акцияларының 100 пайызын Қазақстанға беру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды KASE-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Қазақстан қор биржасының ресми сайтының хабарлауынша, Phystech II АҚ (Ақтау қаласы) акционерлері 4 қазандағы кезектен тыс жалпы жиналысында "акционерлік қоғамның 13 749 100 акциясын мемлекетке (мемлекеттік органдардың балансына) ерікті түрде және ақысыз өткізу" туралы шешім қабылдады.

    Олардың жалпы сметалық құны 35 417 122 000 теңгені құрайтыны атап өтілді.

    Сайттағы ақпаратқа сәйкес Phystech II акцияларының 99,28 пайызы "ҚазСтройПроект-А" компаниясына, ал 0,72 пайызы Қайрат Боранбаевқа тиесілі.

    Сондай-ақ компанияның материалдарында "Phystech II" АҚ 2015 жылы құрылғаны, негізгі қызметі көмірсутектерді барлау, өндіру және сату екені көрсетілген.

    Еске салайық, қыркүйекте Астанада Қайрат Боранбаевтың ісі бойынша апелляциялық алқа шешім шығарған болатын. Ол 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

    Кейін Қаржы министрлігі Қайрат Боранбаевтан тәркіленген мүлік қайда жұмсалатынынын айтқан болатын.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.