jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бағдат Мусин интернет қызметіндегі ақау үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады

Бағдат Мусин
Бағдат Мусин. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин Digital Bridge форумында өткен брифингте Қазақстандағы интернет қызметіндегі ақаулыққа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бағдат Мусин интернет қызметінде туындаған әр ақауды бөлек қарау керектігін атап өтті.

"Қазір жаппай орнату және 5G технологиясына көшу жүріп жатыр. Ал базалық станциялар процесс жүріп жатыр. Әрине, сол процес кезінде технология болғандықтан қиындықтар туындауы мүмкін. Сондықтан бұл қызметтерді орнату және баптау кезінде орын алуы мүмкін. (ақаулар - ред.)

Әрине, тұрғындардан кешірім сұраймыз. Бұл - уақытша құбылыс деп ойлаймын. Ұялы байланыс операторлары жыл соңына дейін елорда мен Алматыдағы жағдайды түзетеміз деп сендірді", - деді министр.

Еске салайық, кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Digital Bridge 2023 IT форумының пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде Қазақстанда 5G желісін 2025 жылдың соңына дейін енгізуді аяқтауды тапсырған болатын.

Бағдат Мусин интернет қызметіндегі ақау үшін Қазақстан халқынан кешірім сұрады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.