jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Эльмира Асқарқызы
Эльмира Асқарқызы
Аға журналист

Талдықорғанда ата-ананың шағымынан соң балабақша тексеріліп жатыр

балабақша ауласы
Балабақша ауласы. Видеодан кадр: instagram.com/krisp.tdk

Талдықорған тұрғыны қаладағы балабақшалардың бірін видеоға түсіріп, ғимаратта балалар қауіпсіздігі ескерілмегеніне шағымданды. Видео авторы балабақшаның екінші қабатындағы терезелердің оңай ашылатынын, терезеге тор орнатылмағанын, сондай-ақ аулада балалар ойнайтын жер ретсіз жатқанын айтады. Қалалық білім басқармасы балабақшаға тексеру жүргізілетінін хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Талдықорғандағы № 4 балабақшада түсірілген бейнежазба Instagram желісінде жарияланды. Видео авторы балабақшаның екінші қабатындағы балалар ұйықтайтын бөлмеге кіріп, терезені ашып көрсетеді. Оның айтуынша, терезеге тор орнатылмағандықтан балалар құлап кетуі мүмкін.

"Барлық топта сондай, терезеде тор жоқ, балалардың қауіпсіздігі қайда? Балалар мұнда ұйықтайды", - дейді автор.

Одан соң әйел ауладағы сынып тұрған әткеншекті, балалар ойнайтын қалдық аралас құмды көрсетеді.

"Балалар ойнайтын жер жоқ. Құмның түрін қараңыздаршы. Ішінде не жоқ", - дейді ана.

Сондай-ақ видеодан балабақшадағы дәретханаларды көруге болады. Автордың айтуынша, балабақшада тек ересектерге арналған дәретхана қойылған.

Видеоға қатысты Талдықорған қаласының білім бөлімі өкілдері жауап берді.

"Білім бөлімі тарапынан комиссия құрылып, бүгінгі күні тексеру жүргізілуде. Бұл мәселе бақылауға алынды. Тексеру қорытындысы қосымша хабарланады", - делінген Жетісу облысының білім басқармасының хабарламасында.

Талдықорғанда ата-ананың шағымынан соң балабақша тексеріліп жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.