jitsu gif
Оқыс оқиға

    Қостанай облысында тұтқындардың түрмеден қашып кеткені рас па: ҚАЖД жауап берді

    Түрме
    Түрме. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

    Қостанай облысының тұрғындары WhatsApp-та түрмеден қашып кеткен тұтқындар туралы ақпаратты бөлісуде. Алайда бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне сілтеме жасап.

    Сайттың жазуынша, WhatsApp-та таралған хабарламада тұтқындардың Арқалықтағы түзеу мекемесінен қашып кеткені, олардың қарулы екені айтылған.

    Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің хабарлауынша, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды.

    "Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті әлеуметтік желіде тараған Арқалықтағы түзеу мекемесінен қашып кеткен сотталғандар туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды", – делінген хабарламада.

    Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті жалған ақпарат таратқандар үшін қылмыстық жауапкершілік барын еске салды.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мессенджерлерде Астанада сотталушының қашып кеткені туралы ақпарат тараған еді.

    Кейін тәртіп сақшылары қашып кеткен ер адамды ұстаған болатын.

    Қостанай облысында тұтқындардың түрмеден қашып кеткені рас па: ҚАЖД жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.