Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір арқанға байланған": Астанада төрт альпинистің не себепті құлағаны белгілі болды

Опубликовано:

Альпинист
Альпинист. Көрнекі фото: pixabay.com

Астанада биіктен төрт альпинист құлап, екеуі қаза болған еді. Елордалық еңбек инспекциясының болжамы бойынша құрылыс алаңында құлаған төрт өнеркәсіптік альпинист бір арқанмен сақтандырылған, деп хабарлайды Astana TV арнасы.

Елордалық еңбек инспекциясының мәліметіне сүйеніп телеарнаның хабарлауынша, 10-қабаттан құлаған төрт жұмысшы да бір арқанмен сақтандырылған. Сол негізгі арқан үзіліп кеткен.

"Олардың бәрі бір арқанға байланған. Негізі олар бір арқанға байланбауы керек. Ереже бойынша олай істеуге тыйым салынған", - деді Астана қаласы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы Абай Еркінов.

Арна журналистерінің айтуынша, қазір құрылысы алаңында жұмыс тоқтатылды. Еңбек инспекторы құлап кеткен жұмысшылардың жас жігіттер екенін атап өтті.

Бұған дейін Астанада салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің бірінде төрт альпинистің биіктіктен құлағанын жазған едік. Олардың бірі оқиға орнында, екіншісі ауруханада қайтыс болған. Ал Астана қаласының денсаулық сақтау басқармас құлаған тағы екі адамның реанимация бөлімінде жатқанын мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2040966-bir-arqanga-bailangan-astanada-tort-alpinistin-ne-sebepti-qulagany-belgili-boldy/

pixel