Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көше сыпыратын әйелді мешітке кіргізбей қойды": ҚМДБ желіде қызу талқыланған видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

намазхана
Намазхана алдында болған жағдай. Видеодан кадр: facebook.com/nurjansemsk

Әлеуметтік желіде мешіт алдында ер адамның әйелге дауыс көтеріп, ұрсып жатқан сәтінен видео тарады. Бейнежазбаның сипаттамасында ашулы молда мешіт әжетханасына көше сыпыратын әйелді кіргізбей тұрғаны туралы жазылған. Бұл жайтқа қатысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі пікір білдіріп, видеодағы ер адамның кім екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба Facebook-те Төртуыл Шоқан есімді қолданушының парақшасында қызу талқыланды.

"Бұл жер әжетхана емес, кет дедім, кет", - деп дауыс көтереді әйелге ер адам.

Видео желіде үлкен дау тудырды.

"Мына мешіт не үшін керек? Бұл мешіт кім үшін?", "Айтарға сөзім. Атарға оғым жоқ", - деп жазған пікірге видеодағы ер адамның әрекетін көргендер.

ҚМДБ өкілдері видеодағы ер адамның кім екенін анықтап, оның қай жерде түсірілгенін айтты.

"Кеше видео түсіріліп, желіде тараған жерді анықтадық. Бұл Түркістан қаласындағы шағын намазхана. Шамалы ағаттық жасап қойған ағамызбен де осы жерде жолығып жатырмыз. Кешелі бері талқыланып жатқан видеода ағаттығыңыз үшін не айтар едіңіз, аға", - дейді ҚМДБ өкілі видеода.

Ер адам өзін Есей Ерұлы деп таныстырады.

"Біріншіден, кешегі болған жағдай үшін барлығыңыздан кешірім сұраймын, қазақ елі. Мен осы жердің тазалығына қарайтын әшейін жамағатпын. Мен имам емеспін, ұстаз да емеспін. Кеше олар қайта-қайта келіп, тыныштық бермей дәретхананы ластап кете бергеннен кейін ол кісілерге ұрысқанмын. Келмеңдер, бұл жер әжетхана емес дедім. Кейін қайтадан келіп тұр, сол кезде дауыс көтергенім рас. Бұндай жағдай күнде болады. Өткен-кеткеннің бәрі келіп, тұрып дәрет сындырып, ішін ластап кетеді. Жаныма батқаннан айтқаным рас, мойындаймын. Барлық дін өкілінен кешірім сұраймын, енді қайталанбайды", - дейді ол.

Сондай-ақ бұл жағдайға байланысты Алматы облысы әкімдігі пікір білдіріп, оқиғаның Түркістан облысында болғанын растады.

"Тарап жатқан бейнежазбадағы жағдай Түркістан облысында болған. Қазіргі уақытта 290 мешіт жұмыс істейтін Алматы облысында діни ахуал тұрақты және барлық қызметкерге профилактикалық әңгіме жүргізілді", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041012-kose-sypyratyn-aieldi-mesitke-kirgizbei-qoidy-qmdb-zelide-qyzu-talqylangan-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel