jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бүгін еліміздің бір өңірінде қатты жауын-шашын күтілуде

қолшатыр ұстаған адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жексенбі, 15 қазанда елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, орталығында құбылмалы ауа райы сақталады. Осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, шығыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел күтіледі.

Ал еліміздің батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түсуі мүмкін. Сондай-ақ Түркістан облысының таулы аудандарында 1 градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Бұдан бөлек, Қызылорда облысының орталығында өрт шығу қаупі сақталады.

Бүгін еліміздің бір өңірінде қатты жауын-шашын күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.