jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

"25 градус жылы": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

ағаш
Ағаш бұтағы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күн - 17-19 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері елдің батысы мен солтүстік-батысында күн райы тұрақсыз болады. Атап айтқанда, жаңбыр жауып, қар түрінде жаңбыр, сондай-ақ жел күшейеді.

Қазақстанның қалған бөлігінде ауарайы ашық болады деп күтілуде, тек 18-19 қазанда еліміздің солтүстігінде аздаған жауын-шашын (негізінен жаңбыр) болуы мүмкін. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.

Түнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы 0...+10 градус, солтүстік жартысында, сондай-ақ республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда -3 градус аяз болады.

Күндізгі уақытта оңтүстік-шығыста ауа температурасы біртіндеп +10...+18 градустан +5...+15 градусқа дейін төмендейді.

Тек еліміздің шығысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында термометрлер бағаны біртіндеп +5...+15 градустан +10...+18 градусқа дейін, Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында +10...+22 градустан +15...+25 градусқа дейін жоғарылайды.

"25 градус жылы": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.