Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл Қазақстанда қыс қандай болады: синоптиктер болжам ұсынды

Опубликовано:

Қыс
Қыс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 2023 жылғы қараша мен 2024 жылғы наурыз айы аралығындағы алты айға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың болжамынша, қараша айында жылы және аязды күндердің жиі өзгеруі күтіледі. Мәселен, бір ай ішінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), екпінді жел тұруы ықтимал. Сонымен қатар солтүстік өңірлерде кей күндері бұрқасын болып, респубика бойынша көктайғақ пен тұман күтіледі.

Республиканың солтүстік жартысында, шығысында және орталығында айдың екінші жартысында күн суытады. Қараша айында күннің салқындауына байланысты ауа температатурасы төмендейді:

  • республиканың солтүстігінде түнгі уақытта -20...-27°С, күндіз -8-13°С дейін;
  • елдің оңтүстік жартысында,оңтүстік-батысында түнде -3...-12°С, күндіз -1...+5°С дейін.

Қараша айында кей өңірлерде күн жылы болады, атап айтқанда ауа температурасы

  • республиканың оңтүстік жартысында күндіз +8+17°С дейін;
  • солтүстік жартысында +3+10°С дейін.

Мамандар жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде норма шамасында болады деп болжады. Олардың болжамынша, елдің орталық және шығыс аймақтарында, сондай-ақ республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда - нормадан көп жауады.

Синоптиктер 2023-2024 жылдың қысы 2001-2002 жылдың қысы сценарийі бойынша күтілетінін болжады. Яғни жылы және жауын-шашын мөлшері нормаға жақын және одан да көп болуы ықтимал.

Алдағы қыста Қазақстан аумағы бойынша температуралық фон негізінен климаттық нормадан 1-2 градус жоғары болады деп күтілуде.

Желтоқсан айында ғана Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы климаттық норма шамасында, ал елдің солтүстігі мен шығысында нормадан 1° төмен болады деп болжанады.

Желтоқсанда елдің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері норма шамасында, республиканың солтүстік жартысында нормадан аз болады деп күтілуде.

Мамандардың мәліметінше, қаңтар және ақпан айларында республиканың басым бөлігінде жауын - шашын норма шамасында, бірқатар өңірде нормадан көп болады.

Ал наурыз айында Қазақстан аумағындағы ауаның орташа температурасы нормадан 2 градус жоғары болады деп болжануда. Жауын-шашын мөлшері еліміздің басым бөлігінде нормадан көп жауады деп күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041318-biyl-qazaqstanda-qys-qandai-bolady-sinoptikter-bolzam-usyndy/

pixel