Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде мопедтер көлік құралы ретінде тіркелуі мүмкін

Опубликовано:

Мопед
Мопед. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін үкіметте өткен брифингте Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха Ішкі істер министрлігі мопедтерді көлік құралы ретінде тіркеуді ұсынып отырғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Игорь Лепеханың айтуынша, Алматы мен Астанада мопедшілерге қатысты мәселе күрделі болып отыр.

"1 қыркүйектен бастап осы күнге дейін 5 742 адам жауапкершілікке тартылды, жаяу жүргіншілерді қағып кетуге байланысты 271 факті, жол қозғалысы ережелерін қайта бұзу бойынша 110 факті, 16 жасқа толмағандардың мопед айдауына жол бергені үшін ата-ананы әкімшілік жауапкершілікке тарту бойынша 214 факті тіркелді. Сондай-ақ мопедті мас күйінде басқарған 20 адам анықталды", – дейді вице-министр статистиканы мысалға келтіре отырып.

Игорь Лепеха мәселенің күрделі екенін, сондықтан Ішкі істер министрлігі мәжіліске ұсыныс жасағанын атап өтті.

"Біз мопедтерді тіркеуге қойып, мемлекеттік нөмір мен жүргізуші куәлігі (жүргізушілерде – ред.) болуын қамтамасыз етіп, олардың қозғалысын реттеуді ұсынып отырмыз. Депутаттар бізді қолдай ма, жоқ па білмейміз, қазір оны депутаттармен талқылап жатырмыз. Олар бізді қолдаған жағдайда дереу жариялаймыз", - дейді Игорь Лепеха.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін елімізде электр самокаттарға қатысты жаңа заң қабылданған еді. Кейін ІІМ өкілі көлік құралының бұл түріне қандай шектеу қойылғанын түсіндірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041402-elimizde-mopedter-kolik-quraly-retinde-tirkelui-mumkin/

pixel