Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық тұрғынның базардан сатып алған бәтеңкесінің екінші күні табаны түсіп қалған

Опубликовано:

аяқ киім
Аяқ киім. Көрнекі фото: pixabay.com

Атырау тұрғынына желімі ашылған бәтеңкесінің ақшасын қайтару үшін Атырау облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне жүгінуге тура келді, деп хабарлайды "Ақжайық" басылымы.

Басылымның жазуынша, тұрғын қаладағы базарлардың бірінен ақауы бар бәтеңке сатып алып, екінші күні оның табаны түсіп қалған.

Ал сатушы аяқ киімнің киілгенін алға тартып, ақшаны қайтарудан үзілді-кесілді бас тартып, сатып алушыға аяқ киімді басқа жаңа аяқ киімге айырбастауды ұсынған.

Десе де бұл мәселе "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" ҚР Заңының 15-бабы бойынша сәтті шешілген.

Бұл бапқа сәйкес, тиісті емес сападағы тауар сатылған тұтынушы, егер сатушы оған тауардағы кемшіліктер жөнінде айтпаса, өз таңдауы бойынша сатып алу бағасын мөлшерлес кемітуді, тауардың кемшіліктерін өтеусіз жоюды талап етуге, тауардағы кемшіліктерді жоюға жұмсаған өз шығыстарын өтеуді, соған ұқсас маркалы (модельді, артикулді) тауарға ауыстыруды, сатып алу бағасын тиісінше қайта есептей отырып, басқа маркалы (моделді, артикулді) сондай тауарға ауыстыруды, шартты бұзуды және тауар үшін төленген ақшалай соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Басылым департамент қызметкерлері сатушыға заң ережелерін түсіндіріп, ақырында ер адам ақшасын қайтарып алғанын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041445-ekinsi-kuni-tabany-tusip-qalgan-atyraulyq-turgyn-bazardan-satyp-algan-batenkenin-aqsasyn-qaitaru-usin-tiisti-mekemege-zugindi/