jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

ҰҚК Астана тұрғындарына үндеу жасады

ҰҚК қызметкері
ҰҚК қызметкері. Көрнекі фото: Facebook.com/knbgovkz

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 18-19 қазанда Астана қаласының өндірістік аймағында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтетінін хабарлады.

"2023 жылғы 18-19 қазанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мақсаттағы "А" қызметінің қатысуымен Астана қаласының өндірістік аймағында "Күз-2023" тактикалық оқу-жаттығуы өткізіледі.

Кепілге алынған кісілерді босату мен террористерді жою бойынша кешенді жаттығу әрекеттерін орындау жоспарланған.

Сондай-ақ оқу-жаттығу шеңберінде өзге аумақтардын терроризмге қарсы операциясының шартты ауданына ҰҚК арнайы мақсаттағы бөлімшелерін жөнелту бойынша шаралар қарастырылған", - делінген ҰҚК ресми сайтында жарияланған хабарламада.

Естеріңізе сала кетейік, қыркүйекте Алматыда жер сілкінісі кезіндегі іс-қимылдар бойынша ауқымды оқу-жаттығу өткен еді.

ҰҚК Астана тұрғындарына үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.