jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыдан қала маңындағы елдімекенге қатынайтын жаңа автобус бағыты іске қосылады

Жаңа автобустар
Жаңа автобустар. Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

20 қазаннан бастап Алматыдан Қарғалы ауылына дейін қатынайтын жаңа автобус бағыты іске қосылмақ. Автобустардың қозғалыс интервалы 17 минутты құрайды, деп хабарлайд KAZ.NUR.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдіктің мәліметінше, қаладан Қарғалы ауылына дейін қатынайтын автобус – №236. Жаңа автобустың 12-і халыққа қызмет көрсетеді. Автобус мына схема бойынша жүреді: Төле би - Яссауи бұрылу алаңы - Қарғалы ауылы.

Қызмет көрсету "Neo City Trans" ЖШС тасымалдаушысына берілген, автобустардың маркасы ISUZU HC-40.

Әкімдік 2023 жылы Алматыдан қала маңындағы 25-ке жуық елдімекенге қатынайтын жаңа маршруттарды ұйымдастыру жоспарланғанын атап өтті. Ал 2024 жылы 50 елдімекенді қамту жоспарланған.

Бұған дейін қала маңындағы елдімекендерге №223, №233 және №240 автобустар жүре бастаған болатын.

Алматыдан қала маңындағы елдімекенге қатынайтын жаңа автобус бағыты іске қосылады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.