Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді": Алматы полициясы қала тұрғындарына үндеу жасады

Опубликовано:

Полицейлер оқу-жаттығу кезінде
Полицейлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматыда 20 қазанда №8 қалалық клиникалық аурухана аумағында лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық терроризммен күрес жөніндегі жедел штабқа сілтеме жасап.

"20 қазанда №8 қалалық клиникалық аурухана аумағында (Түрксіб ауданы, Ақан сері көшесі, 36) сағат 06.00-ден 14.00-ге дейін лаңкестікке қарсы жоспарлы оқу-жаттығулар өтеді.

Оқу-жаттығудың мақсаты – адам көп шоғырланған жерлерде лаңкестік қауіп төнген жағдайда өзара әрекеттесу дағдыларын дамыту.

Оқытудың мақсаты террористік тұрғыдан осал объектілердегі лаңкестік әрекеттердің жолын кесу, жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру, сондай-ақ кепілге алынғандарды босату және террористерді залалсыздандыру механизмін жетілдіруге бағытталған", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб оқу-жаттығулар кезеңінде шектеу шаралары қарастырылатынын ескертті.

"Осыған байланысты, біз азаматтарды болып жатқан оқиғаларға түсіністікпен қарауға, тыныштық пен қауіпсіздік шараларын сақтауға, оқу-жаттығуларға қатысқан мемлекеттік қызметкерлердің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысушы адамның заңды талабына бағынбау "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 443-бабына сәйкес, әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соғатынын еске салды.

Естеріңізге сала кетейік, 18-19 қазанда Астанада терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041802-lankestikke-qarsy-oqu-zattygular-otedi-almaty-policiyasy-qala-turgyndaryna-undeu-zasady/

pixel