jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Сүйіктісіне құда түсіп келген полицейдің видеосы желіде қызу талқыға түсті

Полицей қалыңдығына сөз салуының сәті
Қалыңдығына сөз салып жатқан полицей. Видеодан кадр: t.me/POLICE_of_KZ

Жамбыл облысында полицей сүйіктісіне қызметтік киіммен келген сәті түсірілген видео желі қолданушыларын сүйсінтті, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында.

Ведомствоның хабарлауынша, 15 қазанда Шу қаласында аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік инспекторы түскі үзіліс уақытында өзінің қалыңдығына құда түсуге барып үлгерген.

Полиция қызметкері келіншекке полицей формасын киіп барған.

"Осындай ерекше күнде нысанды киімде болу мен үшін үлкен мәртебе болды, өйткені мен бала кезімнен полиция қызметкері болуды армандадым. Бұл күн біздің жадымызда мәңгі қалатыны сөзсіз, болашақта мен балаларыма осы тарихи сәтті мақтанышпен көрсететін боламын", – деді жас офицер.

Шу аудандық полиция басқармасының бастығы Асхат Алметовтың айтуынша, лейтенант Мамедовтың іс-әрекетінде құқықбұзушылықтар байқалмаған, себебі ол өзінің түскі үзілісін пайдаланған.

"Қызмет етіп жүргеніне қысқа мерзім болғанына қарамастан, учаскелік инспектор жүктелген міндеттерді өте жақсы орындайды, ол әріптестерінің құрметіне және өзіне бекітілген әкімшілік аумақ тұрғындарының сеніміне ие болды", – деп атап өтті Шу АПБ бастығы Асхат Алметов.

Сүйіктісіне құда түсіп келген полицейдің видеосы желіде қызу талқыға түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.