Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жыл соңына дейін 21 ауыл ауызсу желісімен қамтылады

Опубликовано:

БҚО-да жыл соңына дейін 21 ауыл ауызсу желісімен қамтылады
Фото: БҚО әкімдігі

Республика күні қарсаңында Сырым ауданының Шағырлыой ауылында ауызсу желісі іске қосылып, тұрғындар көптен күткен қуанышқа кенелді.

Шағырлыой ауылы аудан орталығынан таяқ тастам жерде орналасқан. Мұнда 600-ден астам адам тұрады. Олар бұған дейін ауызсуды құдықтан тасып ішетін. Енді әр үйге құбыр желісі кіргізіліп, бейнеттің бәрі артта қалды.

«Мен осы ауылда туып-өстім. Қазір зейнет жасындамын. Небір кезеңді бастан өткердік қой. Қазір заман жақсарды. Ауыл көркейіп жатыр. Тұрмыс сапасы жақсара бастады. Ауылымызға су келіп, сарыла күткен арманымыз орындалды. Енді су тоқтамай, рахатын көрсек екен!» дейді ауыл тұрғыны Теңдік Ержанғалиева.

БҚО-да жыл соңына дейін 21 ауыл ауызсу желісімен қамтылады
Фото: БҚО әкімдігі

«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы шеңберінде биыл облыс бойынша 37 ауылды ауызсу желісімен қамту жұмыстары басталған еді. Оған ел қазынасынан 5,7 млрд теңге бағытталған. Жыл соңына дейін 21 ауылда гидронысан іске қосылады.

БҚО-да жыл соңына дейін 21 ауыл ауызсу желісімен қамтылады
Фото: БҚО әкімдігі

«Мемлекет басшысы ауылдық жерлерде тұрмыс сапасын арттыруды тапсырды. Елдімекендерді ауызсумен қамтуға барынша күш салып жатырмыз. Биыл 21 ауыл ауызсу желісіне қосылған соң, өңір халқының сапалы тіршілік нәрімен қамтылу деңгейі 95 пайызға жетеді. Адам саны 200-ге жетпейтін шағын елдімекендерге кешенді гидроблоктар қойылады» деді облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Нүркен Молдашев.

БҚО-да жыл соңына дейін 21 ауыл ауызсу желісімен қамтылады
Фото: БҚО әкімдігі

Облыста 2025 жылға дейін халықты ауызсу желісімен қамту көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2041937-bqo-da-zyl-sonyna-deiin-21-auyl-auyzsu-zelisimen-qamtylady/

pixel