jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматылық бойжеткен жерден 3600 метр биіктікте қобыз тартып, парашютпен секірді

Қобыз тартып парашютпен секірген бойжеткен
Қобыз тартып парашютпен секірген бойжеткен. Видеодан кадр: 24.kz

Алматы тұрғыны Республика күні қарсаңында парашютпен секіріп, жерден 3600 метр биіктікте қобыз тартқан, деп хабарлайды Хабар24 телеарнасы.

Телеарна тілшілерінің хабарлауынша, алматылық ержүрек бойжеткеннің есімі Ляйля Тәжібаева. Ол Алматы маңында парашютпен секіріп, қобызда еліміздің ұлттық күйін орындаған.

Телеарна мәліметіне сүйенсек, қобызшы бұл батыл әрекетін Республика күніне арнаған.

Сондай-ақ бойжеткен жоспары бойынша орындалған композицияның фонында Қазақстанның көк туын желбіреткен.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін қазақстандықтар қазан айында, оның ішінде 25 қазан, сәрсенбіде тойланатын Республика күнінде қанша күн демалатыны туралы жазған едік.

Алматылық бойжеткен жерден 3600 метр биіктікте қобыз тартып, парашютпен секірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.