Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алғашқы қар: Қазақстанның солтүстігінде қар жауды

Опубликовано:

Қар жауып тұр
Қар. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Солтүстік Қазақстан облысында кеше, 22 қазанда алғашқы қар жауды. Жергілікті басылымдар мен тұрғындар әлеуметтік желіде Петропавл мен облыс ауылдарының қар басқан көшелері түсірілген видеоны бөлісуде.

Петропавловск.news басылымының хабарлауынша, кеше, жексенбі күні Петропавлда күні бойы жаңбыр жауып, кешке қарай алғашқы қар жауған.

Бұл ретте журналистердің айтуынша, еліміздің солтүстігінде қазан айының соңында алғашқы қардың жауғаны ерсі емес, әдетте бұл аймақтарда қыс ертерек келеді.

Желі қолданушыларының Instagram-да жариялаған фото, видеоларына қарағанда, қар тек облыс орталығында емес, Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарында да жауған.

"Қазгидромет" РМК сайтында бүгін түнде СҚО-да жаңбыр мен қар аралас жауын жауып, көктайғақ болатыны туралы хабарлаған еді, сондай-ақ желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейетінін атап өтті.

Бүгін, 23 қазанда СҚО орталығы – Петропавлда күндіз жауын-шашын, қар, көктайғақ болады, ал желдің екпіні 23 м/с дейін күшейеді деп болжануда.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты облыста дауылдық ескерту жарияланған. Оған қоса бүгін түнде СҚО тас жолдарының бірінде көлік қозғалысына шектеулер енгізілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042098-qazaqstannyn-soltustiginde-algasqy-qar-zaudy-foto-video/

pixel