Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысы ТЖД бастығы алапат орман өртінен кейін өңірде не өзгеріс болып жатқанын айтты

Опубликовано:

Манарбек Шапағатов
Манарбек Шапағатов. Фото: gov.kz

Биыл жазда Абай облысында 60 мың гектардан астам орман алқабын жал­маған өрт жан-жақтан шақы­рыл­ған шұғыл көмектің күшімен әрең сөн­дірілген еді. Жалынмен арпалысқан "Семей орманы" резерватының 14 қызметкері тілсіз жаумен айқасып жүріп ажал құшты. Осы қайғылы жағдайдан кейін өңірде не өзгергені туралы облыстық ТЖД бастығы Манарбек Шапағатов KAZ.NUR.KZ тілшісіне сұхбат берді.

Манарбек Қайыркелдіұлы, бір жарым жыл бұрын жаңадан құрылған Абай облысында кадр тапшылығы қаншалықты шешімін табуда?

25 жылдан кейін құрылған Абай облысында кадр тапшылығы және қажетті құрылғыларды жаңарту бірінші орында болды. Бұл ең алдымен мамандардың басқа өңірлерге ауысуы мен зейнетке шығуынан туындап отыр. Сондықтан өзге өңірлерден білікті мандарды жұмысқа тартуға тура келді. Қазір 90 пайыз кадр тапшылығы шешімін тапты деуге негіз бар. Дегенмен әлі де маман тапшылығы жоқ емес. Мысалы аудандарда офицерлік құрам жетіспейді. Қазір бұл тапшылықтың орнын толтырудың жолын қарастырып жатырмыз.

Өрт сөндіретін техникалардың тозығы жеткені белгілі. Алапат өрттен кейін техника жаңартылды ма?

Жалпы 180 техника бар. Оның 106-сы 15 жылдан бері қолданыста жүр. Тозығы жеткен техникаларды жаңартып жатырмыз. Жаңадан 18 техниканың кілті табысталды. Қазір бірінші кезекте жол талғамайтын толық қозғалыстағы техникаларды алып жатырмыз. Абай облысына қарасты екі қала мен сегіз аудандағы өрт сөндіру бөлімшелері жыл соңына дейін жаңа техникалармен қамтамасыз етілетін болады. Сондай-ақ "Семей орманы" резерваты да жаңа техникалармен және қажетті құрылғылармен қамтамасыз етілуде. Бұл тұрғыда облыс әкімдігі тарапынан жан-жақты қолдау бар.

Манарбек Қайыркелдіұлы жаңадан құрылған аудандарда өрт сөндіру бөлімшелерін ашу мәселесі туындап жатқан жоқ па?

Иә, қазір жаңа өрт сөндіру бөлімшелерін ашу мәселесі бар. Бес бөлімше ашылады. Атап айтқанда, облыс орталығынан үш бөлімше ашу қажет. Жоспар бойынша Восход, Қызылқардон, Қарағайлы ықшам аудандарынан ашу қарастырылған. Сондай-ақ Аягөз ауданынан бір бөлімше ашылады.

Ал туристердің көп келетін жері Алакөлге жақын маңда өрт сөндіру бөлімшесі жоқ. Бұл неге назардан тыс қалған?

Алакөл жаз мезілінде туристердің ең көп шоғырланатын жері. Өрт қауіптілігі өте жоғары. Оның үстіне шағын жерге демалыс үйлерін қаз-қатар салып тастаған. Өрт шықса, өткен жылғыдай бәрі өртенуі мүмкін. Сондықтан бұл мәселе біздің назардан тыс қалған жоқ. Және айтылған бөлімшенің біреу осы жақтан салынады. Яғни 2024 жылы депо салуды бастаймыз. Жоспарға сәйкес, оның құрылысы Алакөл жағасынан екі шақырым жердегі Қабанбай ауылында жүргізіледі. Қазір сметалық құжаттары әзірленіп жатыр. Әзірге ол жерде жаз мезгілінде екі құрам жұмыс жасайды. Оның бірі судан құтқарушылар болса, ал екіншісі өрт сөндірушілер. Оларға екі техника берілген.

Манарбек Қайыркелдіұлы, алға қойған жоспарларыңызбен бөліссеңіз?

Жоспар көп. Облыс жаңдан құрылғандықтан, бұрынғы өрт сөндіру бөлімшелері де, жөндеуден өткізуді талап етіп отыр. Келесі жылы шаһардағы төрт бөлімшемен қатар Шардағы өрт сөндіру бекетін күрделі жөңдеуден өткізуді жоспарлап отырмыз. Сонымен бірге өңірді дамыту бойынша келесі жылы кезең-кезенімен төрт техника алу жоспарланған. Сондай-ақ өрт сөндіру және құтқару құрылғылары жаңартылатын болады. Облыс әкімдігі жергілікті қазынадан төтенше жағдайлар департаментіне қолдау білдіруде. Жыл сайын 400-500 млн теңге бөлінеді.

Уақыт бөліп, сұқбат бергеніңізге рахмет! Жұмысыңызға сәттілік тілейміз!

Елжан Нұрболатов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042102-abai-oblysy-tzd-bastygy-alapat-orman-ortinen-keiin-onirde-ne-ozgeris-bolyp-zatqanyn-aitty/

pixel