jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады

Оқушылар
Оқушылар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Оқу-ағарту министрлігі еліміздегі мектептерде бірінші тоқсан аяқталып жатқанына байланысты күзгі демалыс 30 қазаннан 5 қарашаға дейін жеті күнге созылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды ведомство Telegram-дағы ресми арнасында.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, мектеп оқушыларының күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту мақсатында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іс-шаралар өткізу жоспарлануда.

Министрлікте бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберілетінін атап өтті.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, балаларға арналған мынадай іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған:

  • жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;
  • "Балалар кітапханасы" жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;
  • "Отбасылық дәстүрлер" тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, "Педагог – бала – ата-ана" бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;
  • Қожа Ахмет Яссауидің туғанына 930 жыл толуына орай "Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу" тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;
  • "оқушылар арасында "Өнегелі өмір" тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;
  • оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп "Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу" тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;
  • "Әкеге ізет, анаға құрмет" тақырыбында "Жас ақындар айтысы" байқауын ұйымдастыру.

Сондай-ақ жасөспірімдер мен балаларға арналған ақындар сайысында жеңімпаздарды марапаттау қарастырылған.

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.