jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Алдағы үш күнде Қазақстан полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді

полиция қызметкерлері
Полиция қызметкерлері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Айдын Оразбаев ведомствода өткен брифингте Республика күні қарсаңында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оразбаевтың сөзінше, ІІМ Республика күнін мерекелеу кезінде тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді күшейту үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда.

"24-26 қазан аралығында барлық жеке құрам қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне ауыстырылады. Әр облыстағы әкімдіктермен бірлесіп, мәдени-көпшілік шараларды өткізу орындар белгіленді, құқық қорғау органдарының күштері мен құралдарының есебі дайындалды.

Осы күндері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің санын 20 мыңға дейін көбейту көзделген", - деді ол.

Айдын Оразбаевтың айтуынша, полиция жасағы азаматтар жаппай жиналып, демалатын орындарға жақын орналастырылмақ.

"Жағдайды бақылау үшін Ішкі істер министрлігінің базасында жедел штаб құрылады, ұқсас штабтар барлық өңірде ашылады. Жалпы министрлік Республика күні азаматтардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қамтамасыз ету үшін бар күшін салады", - деді Оразбаев.

Алдағы үш күнде Қазақстан полициясы күшейтілген режимде жұмыс істейді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.