jitsu gif branding logo appbranding logo app
Оқыс оқиға

    Антикор бұрынғы Әділет министрі Бекетаевтың ұсталғанын растады

    Марат Бекетаев
    Марат Бекетаев. Фото: primeminister.kz

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Марат Бекетаевтың жемқорлық жасады деген күдікпен ұсталғанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Ұсталған адамның бұрынғы әділет министрі М.Бекетаев екенін растаймыз. Қазіргі уақытта күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу мүддесіне cәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді", - деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызмет өкілдері.

    Бұған дейін ведомство экс-министрдің қызмет бабын асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған болатын.

    "Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдады. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірді", - деп хабарлады Антикордан.

    Кейін Антикор NUR.KZ тілшісіне 2016 жылы Әділет министрі болған Марат Бекетаевтың ұсталғанын хабарлады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.