jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Ерекше талғам": желіде футбол стиліндегі үйлену тойы қызу талқыға түсті

Футбол стиліндегі торт
Футбол стиліндегі торт. Видеодан кадр: instagram.com/alisher.kelgenbay/

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде футбол стиліндегі ерекше үйлену тойдың фотолары мен видеолары тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Қазақстандық блогерлер Әлішер Келгенбай мен Ұлдана Жиенқұл Instagram-дағы парақшасында ерекше стильде өткен үйлену тойдың видеоларын бөлісті.

Жас жұбайлар киімдеріне танымал футбол клубтарының эмблемаларын қолданған. Мысалы, қалыңдықтың жамылғысында "Real Madrid-тің" эмблемасы бейнеленсе, ал "Barcelona" футбол клубының символы күйеу жігіттің костюміне тігілген.

Әдетте қалыңдық тойда қолына ақ гүл ұстаса, бұл тойда жас келін қара гүл ұстап шыққан. Тойда қос ғашық "Чемпиондар лигасының" әнұранымен ортаға шықты.

Әлеуметтік желі қолданушыларын үйлену тойындағы "алып" торт та елең еткізді. Тортты да жас жұбайлар әлемдік футбол тақырыбына үйлестірген.

Торт клубтардың эмблемалары, кубок, доп, футбол формасын киген күйеу жігіт пен ақ көйлек киген қалыңдық бейнесімен әсемделген.

"Тойымызға Өзбекстандық Месси мен Роналдудың өздері келді", - деп жазды Әлішер Келгенбай. Танымал футболшылардың бейнесіндегі аниматорлар да тойдың сәнін келтірген.

Желі қолданушылары екіге бөлінді. Бірі "осы жылғы ерекше той осы болды", "Ерекше талғам" "Құтты болсын тойларың! Бақытты болыңдар" деп қолдаса, енді біреулер "Ақ көйлектен неге бас тарттың?", "Бұл да хайп па?" - деген пікір қалдырған.

"Ерекше талғам": желіде футбол стиліндегі үйлену тойы қызу талқыға түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.