jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Көлік министрі қазақстандықтарды Израильден әкелген ұшақ экипажын марапаттады

Ұшақ
Ұшақ. Көрнекі фото: facebook/airastana

Air Astana әуе компаниясының экипажы Қазақстан азаматтарын Израиль елінен қайтаруды ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаматтық авиация комитетінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасап.

Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстанның Израильдегі елшілігімен бірлесіп, ұшу қауіпсіздігінің тәуекелдерін бағалау және қазақстандық азаматтарды Израильден қайтару бойынша жұмыс жүргізген еді.

"Қазақстан Республикасының Көлік министрі Марат Қарабаев өз міндеттерін орындаудағы жанқиярлығы үшін Air Astana әуе компаниясының экипажы Қазақстан азаматтарын Израиль елінен қайтаруды ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс хаттармен марапатталды", - делінген хабарламада.

Алғыс хаттармен:

  • Эйрбас Командирі - Ольховский Станислав Андреевич;
  • Бас ұшқыш - Колесников Олег Евгеньевич;
  • Эйрбас екінші ұшқышы - Орлов Сергей Васильевич;
  • Эйрбас екінші ұшқышы - Сұлтанов Алмас Серікұлы;
  • Бортсерік-супервайзер - Сейілханова Ақерке Бақтиярқызы;
  • Бортсеріктермен жұмыс жөніндегі супервайзер - Мушрапилов Фарух Фарменович;
  • Аға бортсерік - Костюк Ольга Геннадьевна;
  • Бортсерік-супервайзер - Адамбекова Әсем Керімбайқызы,
  • Аға бортсерік - Қожахметова Зарина Серікқызы;
  • Бортсерік-супервайзер - Төлегенова Әсем Берікханқызы;
  • Аға бортсерік - Әбілдаев Руслан Булатбекұлы;
  • Бортсерік - Жантаева Айнұр Бертайқызы;
  • Бизнес-класс бортсерігі - Попова Анастасия Владимировна;
  • Бортсерік - Шерімханова Аружан Серікқызы марапатталды.
Көлік министрі қазақстандықтарды Израильден әкелген ұшақ экипажын марапаттады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.