Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өңірде баламасы жоқ": Оралда биг-бэг өндірілетін зауыт іске қосылды

Опубликовано:

Оралдағы биг-бэг өндірісі
Оралдағы биг-бэг өндірісі. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Оралда Республика күні қарсаңында ерекше өндіріс орны ашылды, деп хабарлайды БҚО әкімдігі баспасөз қызметі.

БҚО әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оралда Республика күні қарсаңында ерекше өндіріс орны ашылды. Мұнда дәнді-дақыл, минералды тыңайтқыш, цемент, тұз салуға арналған арнайы жұмсақ қапшықтар тігіледі. Жобаны жүзеге асыруға инвестор 3 миллион доллар жұмсаған.

Оралдағы биг-бэг өндірісі
Оралдағы биг-бэг өндірісі. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Зауытта жыл сайын кемінде 5 милионнан астам дана биг-бэг және 60 мың вагон жабындысы дайындалады. Тауар еліміздің түкпір-түкпірімен қоса, шетелге де сатылады. Нарықта мұндай өнімге сұраныс толастамайды екен.

Оралдағы биг-бэг өндірісі
Оралдағы биг-бэг өндірісі. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Тауардың көбі батыс елдерге жіберіледі. Қазірдің өзінде Белгияға жіберілетін тауар жиынтығы дайын тұр. Алдағы уақытта экспорт көлемін одан әрі ұлғайтқымыз келеді. Шикізатты еліміздегі кәсіпорындардан да, Ресейден де сатып аламыз» дейді зауыт директоры Герман Медведев.

Зауытта 110 жұмыс орны ашылған. Қазір 30 шақты адам еңбек етіп жатыр. Кәсіпорын оларды өз қаражаты есебінен арнайы оқытқан екен.

10 күн Мәскеуде болып, оқып келдік. Қазір осында жұмыс істеп жатырмыз. Жұмыс қиын емес. Бұрын вахталық әдіспен еңбек еткенмін. Енді қаламызда осындай зауыт ашылғанын естіп, осында келдім", - дейді тігінші Серік Хабибуллин.

Оралдағы биг-бэг өндірісі
Оралдағы биг-бэг өндірісі. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Өндіріс орнының ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев биыл өңірдің негізгі капиталына салынған инвестиция көлемі 430 млрд теңге болғанын айтты.

Оралдағы биг-бэг өндірісі
Оралдағы биг-бэг өндірісі. Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, өңірдің инвестициялық ахуалына айрықша мән беріп отырмыз. Мұндай өндіріс орындарының ашылуы жергілікті экономикамыздың артуына жол ашады. Әрі халықты жұмыспен қамтуға септігін тигізеді. Облыста биыл инвестиция көлемі былтырмен салыстырғанда 27 пайызға артты. Ал жыл соңына дейін инвестиция көлемін 600 млрд теңгеге жеткізу көзделген", - дейді аймақ басшысы.

Компания өкілдері жұмысқа жергілікті тұрғындарды қабылдауға басымдық беріп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042424-onirde-balamasy-zoq-oralda-big-beg-ondiriletin-zauyt-iske-qosyldy/

pixel