Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыз өткел жабық": СІМ Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау туралы айтты

Опубликовано:

Газа секторы
Газа секторы.Фото: Jack Guez/AFP/Getty Images

Бүгін сенат кулуарында Сыртқы істер вице-министрі Қайрат Омаров неліктен Газа секторынан қазақстандықтарды эвакуациялау мүмкін болмай жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Омаров Қазақстан елшіліктерінің жақсы жұмыс істеп жатқанын атап өтті.

"Жалпы жағдайды түсінуіңіз керек: Газа секторына кіру мүмкін емес. Бүгінгі күні жалғыз Рафах өткелі (Мысырмен шекарадағы - ред.) жабық. Ол жерден бейбіт тұрғындар өте алмйды, оларға рұқсат етілмеген. Осыған байланысты Израиль тарапынан атқылау болып жатқан бұл аймақта жұмыс істеу өте қиын", - деді ол.

Оның айтуынша, дипломатиялық өкілдіктер Газа аймағында жүрген Қазақстан азаматтарымен тұрақты байланыста. Біздің дипломаттар Мысыр үкіметімен және сол аймақтағы басқа да ресми тұлғалармен бірлесіп, қазақстандықтарды Газадан шығару үшін жұмыс істеуде.

"Бүгінде 45 мемлекет бір мезгілде бұл мәселені қарастырып жатыр. Әзірге бұл аймақтан бірде-бір азамат (ешқандай елдің - ред.) шыққан жоқ. Жұмыс жалғасуда. Бұл бізге байланысты емес, бұл қорғанысты ұстап және ешбір елдің азаматтарының Газа секторынан шығуына рұқсат бермей тұрған мемлекеттерге байланысты.

Әзірге ешбір ел келіскен жоқ. Тек гуманитарлық көмек беру мүмкін болып тұр. Бұл өңірге гуманитарлық көмекке арналған жүк көліктері кіріп жатыр. Бірақ азаматтарды шығару бойынша келіссөздер әлі де жалғасуда", - деді вице-министр.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қазанда Газа секторында қазақстандық әйел 23 жастағы қызымен бірге қаза тапқаны белгілі болды. Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, отандасымыз онда ұзақ уақыт күйеуі - Палестина азаматымен бірге тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042621-zalgyz-otkel-zabyq-sim-gaza-sektorynan-qazaqstandyqtardy-evakuaciyalau-turaly-aitty/

pixel