jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    18+
    Айзат Ермекқызы
    Айзат Ермекқызы
    Бұрынғы қызметкер

    Газа секторында қазақстандық әйел қызымен бірге қаза тапты

    Газа секторы
    Газа секторы. Оқиға орны. Фото: Mostafa Alkharouf/Anadolu via Getty Images

    Газа секторында Қазақстан азаматы қызымен бірге қаза тапты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

    "2023 жылғы 22 қазанда Газа секторын атқылау салдарынан Қазақстан азаматы қаза болды. Өкінішке қарай, онымен бірге Палестина азаматы болған 23 жастағы қызы да қайтыс болды.

    Отандасымыз Газа секторында Палестина азаматы болып табылатын күйеуімен бірге ұзақ уақыт бойы тұрған", - делінген хабарламада.

    Израильдегі жағдай

    7 қазан күні таңертең Израильге Газа секторынан зымырандық шабуыл жасалды. Шабуылды палестиналық ХАМАС ұйымы өз мойнына алды.

    Кейін Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху елдегі ахуалға байланысты мәлімдеме жасап, Израильде "соғыс жағдайы" режимін енгізу туралы шешім қабылданғанын айтты.

    Сонымен қатар Қазақстанның Израильдегі елшілігі елдегі ахуалға байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады. Дипломаттар отандастарымызды қауіпсіз орындарды болуға шақырды.

    8 қазанда Израиль ХАМАС-қа жауап ретінде Газаға әуе шабуылын жасап, әскери операция бастады.

    10 қазанда Air Astana әуе компаниясы қазақстандық азаматтарды Израильден алып қайту үшін Тель-Авивке ұшты. Сол күні түнде 124 қазақстандық арнайы рейспен елге оралды.

    Газа секторында қазақстандық әйел қызымен бірге қаза тапты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.