Нью-Йорк мэрі шетелдегі қазақстандықтармен кездесті
Жарияланған күні:
Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс Республика күніне орай Қазақстан туын көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды мэрия баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Кеше, 25 қазанда Нью-Йорк қаласының мэрі Эрик Адамс Республика күніне орай Қазақстанның туын көтеру рәсіміне қатысты. Тікелей трансляция қалалық мэрияның ресми YouTube арнасында жарияланған.
Алдымен Адамс Нью-Йорк қаласында сан түрлі ұлт өкілдері тұратынын атап өтті.
"Қазақстанның туын көтеру – отбасы, бизнес, қоғамдық қауіпсіздікке әрі балаларға деген сенімдеріңізді бағалайтынымыздың көрсеткіші деп білемін. Бұл әсем қаламыздың негізі.
Бүгін туды көтере отырып біз қаламызға келгендердің үмітін нығайта түсеміз", – деді Адамс.
Сөз соңында қала мэрі Қазақстанды Республика күнімен құттықтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042689-nyu-iork-meri-seteldegi-otandastarymyzben-kezdesti-video/