Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қызылорда облысында шебер кірпіштен киіз үй тұрғызды (видео)

Опубликовано:

Кірпіштен қаланған киіз үй
Кірпіштен қаланған киіз үй. Видеодан кадр: youtube.com/@Khabar24

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны кірпіштен киіз үй тұрғызды. Шебер этностильдегі үйді заманауи талапқа сай жасаған, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна мәліметінше, кірпіштен қаланған киіз үйдің іші есіктен төрге дейін ұлттық салт-дәстүрге сай жабдықталған. Үйдің ішінде көне сандық үстінде жиылған жүк, домбыра да қойылған. Этностильдегі зүйде асхана, жатын бөлмесі де бар.

Үй иесінің атасы кезінде ағаштан түйін түйген шебер болып, кереге, уық, шаңырақ жасаған. Балаларына да ұсталықтың қыр-сырын үйреткен. Әулеттегілердің айтуынша, ауылдағы қарашаңырақтың ауласында үнемі киіз үй тұрған. Шебердің еңбегін ауылдықтар ерекше бағалап отыр.

"Жастар да қызығады. Келешек олардың да ойында болады, келіп көріп кеткендердің. Салуға болады екен деп. Таңқалған кісілер көп енді. Сырттан да келіп көріп кеткендер көп. Ішін енді қолдан келгенше түлкінің терісін, қасқырдың терісін, қазақтың дәстүрлерін іліп қойғымыз келеді", - дейді ауыл тұрғыны Кенжегүл Еспенбетова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042763-qyzylorda-oblysynda-seber-kirpisten-kiiz-ui-turgyzdy/

pixel