Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қар, жаңбыр, 25 градус жылы": демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Алғашқы қар
Қар. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер демалыс күндері, яғни 28-30 қазан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Мәселен, Қазақстанның бірқатар өңірінде жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейеді. Синоптиктердің болжамынша, аталған өңірде көктайғақ болып, тұман түсуі ықтимал.

30 қазанда республиканың солтүстігінде бұрқасын болады деп күтілуде.

Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста және еліміздің орталығында термометр бағаны күндіз +3...+15 градусты көрсетеді.

Ал еліміздің оңтүстік-батысында ауа температурасы +12...+20 градус жылы, солтүстік пен шығыста -2 суық +8 градус жылы болады.

Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +12...+25 градус жылы болады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042798-qar-zanbyr-25-gradus-zyly-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel