jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Туризм министрлігі Мысырда демалуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Мысыр
Мысыр. Көрнекі фото: pixabay.com

Туризм және спорт министрлігі алдағы уақытта Мысырда демалуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ведомствоның ресми сайтына сілтеме жасап.

Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі уақытта Туризм индустриясы комитетіне ел азаматтарынан Мысыр курорттарындағы демалысқа қатысты көптеген өтініш келіп түсуде.

"Өздеріңіз білетіндей, Мысыр қазір әскери қақтығыс болып жатқан Израильмен шектеседі. Қарулы қақтығыс Мысырда жақын арада демалуды жоспарлап отырған туристерді алаңдатуда.

Өз кезегінде туристер баламалы нұсқаларға келіспеген жағдайда алдын ала туристік компанияға қаражатты қайтаруды сұрап жүгінуге және сапардан бас тартуға құқылы екендігін хабарлаймыз", - делінген хабарламада.

Ведомство бұл жағдайда туристік компаниялар Қазақстан заңнамасына сәйкес, қаражатты қайтару кезінде турларды ұйымдастыруға байланысты кеткен шығындарды ұстап қалуға құқылы екенін атап өтті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 7 қазаннан бері жағдай шиеленіскен Израиль мен Палестина арасында қазіргі уақытта не болып жатқанына шолу жасаған едік.

Туризм министрлігі Мысырда демалуды жоспарлап жүрген қазақстандықтарға үндеу жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.