Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Костенко шахтасындағы апат: желіде фейк видео таралуда

Жарияланған күні:

Жарылыс
Жарылыс. Видеодан кадр: stopfake.kz

Мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы Костенко атындағы шахтада түсірілді деген өрттің видеосы таратылуда. Stopfake.kz видеоның Қазақстанға қатысы жоқ екенін анықтады.

Ақпараттың шынайылығын тексеретін сайттың жазуынша, желіде тарап жатқан видео – фейк.

Сайт дерегінше, бұл видео Қазақстанда түсірілмеген. Ол бірнеше жазбадан тұрады. Олардың бірі – желіде 2022 жылдың маусымында тараған. Видеода Севильяда (Испания) Дос-Эрманастағы алюминий зауытында болған өрт көрсетілген.

Ал видеодағы ақ-қара кадрлар – бұл 2014 жылдың мамырында Түркияның Сома қаласындағы шахтада арты өртке ұласқан жарылыс кезінде бейнебақылау камераларына түсіп қалған кадрлар.

"Тағы бір видеода Қытайдың Шаньси провинциясында Лулян көмір шахтасында болған апат көрсетілген. Таралған видеоның Қазақстанға қатысы жоқ", - делінген жазбада.

Сонымен қатар Қарағанды облысының әкімдігі қазақстадықтарды ресми дереккөздерге ғана сеніп, жалған ақпарат таратпауға шақырды.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қазан күні түнде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыс болды.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, олардың 205-і жер бетіне шығарылған.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 29 қазан, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша апаттан қаза тапқан кеншілердің саны 45-ке жеткен. Тағы бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.

29 қазан Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2043091-kostenko-saxtasyndagy-zarylys-zelide-feik-video-taraluda/